Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО елдерімен шекарада тасымалданатын жүктердің мониторингі бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер департаменті.
2019 жылдан бастап көптеген бұзушылық фактісі анықталды, мысалы: тауар-көлік жүк құжаттарында мәліметтерді дұрыс мәлімдемеу, Одақ елдерінен Қазақстан Республикасының жалған резиденттеріне тауарлар экспорты, жалған транзит, тауарлардың құнын төмендету және т.б.
Бұл фактілер бюджетке зиян келтіретін және отандық бизнесті тең емес бәсекелестік жағдайларға қоятын тауарлардың көлеңкелі айналымының болуын куәландырады.
Қырғыз Республикасымен өзара сауда шеңберінде көлеңкелі айналымға қарсы күрес мақсатында ағымдағы жылы бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді, оның шеңберінде автокөлік құралдарын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік беретін навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, пилоттық жобаны жүргізу көзделген.
Жүргізіліп жатқан пилот аясында бірінші күні Қырғыз экспорттаушыларының Қазақстан Республикасының жалған резиденттерінің атына халық тұтынатын тауарларды жөнелту фактісі анықталды.
Мәселен, 2020 жылғы 11 қыркүйекте Бішкек қаласынан Алматыға бара жатқан жүк автокөлік құралына навигациялық пломба ілінген тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес Орал қаласында тіркелген, қызмет түрі «медициналық қызмет көрсету» болып табылатын салық төлеуші тауарларды алушы болып табылады, бұл ретте мемлекеттік шекарада жүкті көзбен шолып қарау кезінде әлемдік бренд өндірушілер түріндегі қырғыз өндірісінің киімі табылған.
Тексеру іс-шаралары барысында серіктестіктің басшысы анықталды, ол мемлекеттік кірістер органдарына Қырғыз Республикасынан импортталатын тауарға ешқандай қатысы жоқ және тиісті шаралар қабылдау үшін сотқа және құқық қорғау органдарына өтініш беруге ниетті екендігі туралы ресми түсіндірме берді.
Навигациялық пломбаның көмегімен автокөлік құралының Алматы қаласында орналасқан жері анықталды. Тасымалдаушыға тақырыптық салықтық тексеру жүргізуге ұйғарым беру әрекеті кезінде жүргізуші автокөлік құралын қалдырып, жасырынып қалды және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері анықталмады.
Аталған факті бойынша материалдар Қаржы мониторингі комитетіне және бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес қырғыз тарапына тиісті шаралар қабылдау үшін жіберілетін болады.