Археологтар Моңғолияның Баянхонгор аймағында сенсациялық жаңалық ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ MiddleAsianNews-ке сілтеме жасап.
Әңгіме XIII ғасырда өмір сүрген адамның мумиясы жөнінде болып отыр.
Жақсы сақталған бұл жәдігер өткенге көз жүгіртіп, моңғол ақсүйектерінің өмірі мен мәдениеті туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.
Мумия сол уақыттың жерлеу дәстүрлеріне тән тас мазардан табылған. Ғалымдар бұл адамның шамамен 45-50 жаста болғанын, бойы 180-188 сантиметр екенін анықтады.
Ғалымдарды дененің сақталу жағдайы таңғалдырды: тері, шаш, тырнақтар және тіпті саусақ іздері де сақталған.
Мумияның киімдері оның жоғары әлеуметтік мәртебеге ие екенін көрсетеді. Үстінде сәнді безендірілген дәстүрлі моңғол киімі бар. Сонымен қатар XIII-XIV ғасырлардағы ақсүйектерге тән басқа да киім үлгілері анықталды.
Бұл табыс – зерттеулеріміздегі нағыз серпіліс. Мумия бізге тек белгілі бір адамның өмірі туралы ғана емес, сол уақыттағы моңғол көшпенділерінің мәдениеті мен тұрмысы туралы жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік береді, - деді экспедиция жетекшісі, доктор Бат-Эрдэнэ Сухбаатар.