Моңғолияда 7 млн-нан астам ірі қара қырылып қалды

4 Мамыр 2024, 03:31
3381
Бөлісу:
Моңғолияда 7 млн-нан астам ірі қара қырылып қалды
Фото: BAQ.KZ архив

Моңғолияда 7,1 млн-нан астам ірі қара мал қырылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синьхуа агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, 5,6 млн малдың өлексесі жойылып, көмілген.

Ақ және темір жұт кезінде қырылған ірілі-ұсақты мал өлекселерін жоб жұмыстары жүргізілді. Зоонозды инфекцияны зерттейтін орталықтың қызметкерлері, сондай-ақ мал қырылуы бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелген аймақтардың көшпелі малшылары жұмылдырылды, - делінген елдің төтенше жағдайлар министрлігі бойынша бас басқармасы таратқан ақпаратта.

Моңғолияның азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің деректеріне сәйкес, 2023 жылдың соңында елдегі жалпы мал саны 64,7 млн басты құраған.

Өзгелердің жаңалығы