Моңғолияда 60 тонна газ тасыған жүк көлігі жарылды

Жойқын жарылыс өртке ұласып кеткен

 news.mn 24 Қаңтар 2024 2024, 09:42
24 Қаңтар 2024 2024, 09:42
1683
Фото: news.mn

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында 60 тонна сұйытылған газ тасыған жүк көлігі жарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Моңғолиялық News.mn порталының мәліметінше, жойқын жарылыс Ұлан-Батыр қаласындағы Дунжингарав базары аумағында болған. Жарылыс өртке ұласып кеткен. Оқыс оқиға салдарынан жарақат алғандар мен қаза тапқандар бар. Алдын ала берілген мәлімет бойынша 10-нан аса адам ауруханаға жеткізілген. 

Өкінішке қарай 3 адам қаза тапты. Оның үшеуі төтенше жағдай қызметкері екені белгілі болды, - делінген хабарламада.

Өрт қандай аумақты шарпығаны белгісіз. Дегенмен 30 көлік өртеніп кеткен. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. 

Әзірге газ тасыған жүк көлігі басқа көлікпен соқтығысты деген болжам жасалып отыр.

Наверх