Моңғолия АҚШ-пен бірлесіп биологиялық қару жасап жатыр деген қауесетті жоққа шығарды

23 Сәуір 2022, 15:15
1707
Бөлісу:
Моңғолия АҚШ-пен бірлесіп биологиялық қару жасап жатыр деген қауесетті жоққа шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия мен АҚШ бірлескен биологиялық зертхана құру туралы келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Бұл туралы Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг мәлімдеді.

Жақында Ресейдің кейбір жоғары лауазымды шенеуніктері «Ресей Украинада арнайы әскери операция жүргізгеннен кейін америкалық тарап Моңғолиямен байланысқа шығып, биологиялық зертхана құру мәселесін талқылады» деп ақпарат құралдарында мәлімдеген болатын. 

17 сәуірде Моңғолия Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың негізсіз және шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.

Осы мәлімдемеге қатысты Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг түсініктеме берді.

Бұл ақпарат төрт рет ресейлік газетте және бір рет Қытайдың ақпарат құралдарында жарияланды. Бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдегім келеді. Моңғолия бейбіт, ашық және көпжақты қолдау көрсететін сыртқы саясатты жалғастырып келеді. Қажет болса, біз өз қызметімізді ресейлік және халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ жұртшылыққа ұсынуға дайынбыз. Моңғолия қоғамдық ұйымдарының шетелдік инвестиция мен қаржыландыруды тарту арқылы жүзеге асырған барлық жобасы, бағдарламасы мен зерттеуі туралы толық ақпарат бар. Атап айтқанда, қандай жобалар адамдарды күдіктендіретінін мұқият тексердік, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы