Бенгал шығанағынан жылжыған «Мокко» дауылы Мьянманың батысына жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дүлей жел сағатына 210 шақырым жылдамдықпен соғып тұр. Дауылмен келген жаңбырдан елді мекендерді су басып жатыр. Зардап шеккендер жайында ақпар жоқ. Жағалаудағы аудандарға алып толқын соғатыны ескертілген. Бұған дейін қауіпті өңірлерден 400 мыңдай тұрғын эвакуцияланды. Қауіпті аймақтардағы халық саны 2 млн-нан асады.
Айта кетейік, 2008 жылы мұнда «Наргис» дауылы соғып, 140 мың адам опат болған.