Астанаға Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана әуежайында оны Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды.
Мохаммад Мохбер Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
Өткен жылы Нью-Делидегі саммит барысында Иранның ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде ұйымға кіруі нақты рәсімделді.
Иран мемлекетаралық бірлестіктің тоғызыншы мүшесі болды.