Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік көздерден қаржыландырылатын тұлғалардың тізімін жариялауға қатысты мәселені түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2018 жылдан бастап Салық кодексіне шет мемлекеттерден, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына есептілік беруі туралы талап енгізілді.
Мәліметтерді қызметі заң көмегін көрсетуге, қоғамдық пікірге сауалнамаларды, социологиялық сауалнамаларды зерделеуге және жүргізуге бағытталған тұлғалар ұсынады (Салық кодексінің 29-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы).
2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті өзінің интернет-ресурсында шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізілімін жариялайды, - делінген хабарламада.
Мәліметтер бекітілген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірілмей интернет-ресурста орналастырылады.
Бұл түзету азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенімінің деңгейін арттыруға бағытталған.
018.00 т. бойынша есептілік жартыжылдықта есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін ұсынылады. Осылайша, тұлғалар тізілімі есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жарияланады.
Сонымен, 2023 жылғы 1 жартыжылдықта шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алу туралы мәліметтерді 239 тұлға ұсынған (19.09.2023ж.орналастырылған).
2023 жылдың 2 жартыжылдығында 192 тұлға бойынша мәліметтер жарияланды (20.03.2024ж.орналастырылды).
2024 жылдың 1 жартыжылдығында 192 тұлға бойынша мәліметтер жарияланды (19.09.2024ж. орналастырылған).
2024 жылдың 2 жартыжылдығында тізілім 2025 жылдың 20 наурызына дейін орналастырылады.