Митинг кезінде ұландықтардың қандай қызмет атқаратыны белгілі болды

26 Сәуір 2021, 13:02
2015
Бөлісу:
Митинг кезінде ұландықтардың қандай қызмет атқаратыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров Президент жанындағы ОКҚ-да Ұлттық ұландағы қызметтің ерекшеліктері туралы өткен брифингте айтты.

Ірі қоғамдық жиындар кезінде Ұлттық ұлан әскері полицияның кешендік құрамында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарады. Олар оқиға орнында бейбіт тұрғындарға зиян келтіретін тәртіпсіздік, қоғамдық тәртіпті бұзу және өзге шараларды болдырмауды жүзеге асырады, - деді ол.

Имиров айтқандай, бұл істерге келісімшартпен жұмыс істейтін әскери қызметшілер мен шақырушылар да тартылады.

Егер ұландықтар патрульдік кезеңде тәртіпсіздік байқаған болса, заңға сәйкес тәртіп бұзғандарды полицияға жеткізеді. Олар қызмет үшін жауапкершілік алып, өздері шешім қабылдайды. Бейбіт тұрғындар қауіпсіздікте болуға құқылы. Олардың тыныштығына кедергі келтіру жойылады , - деді Имиров.

Оның айтуынша, ұландықтардың себепсіз тұрғындарды ұстауы тіркелмеген.

Ондай дерек болса, азаматтардың арызына сәйкес, шешім қабылданады. Әскери қызметшілер өздерінің міндетін бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылатынын біледі, - деді Савердин Имиров.


Өзгелердің жаңалығы