Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин бейбіт митинг өткізу туралы талқыланып жатқан заң жобасына митингке келушілер санын 250 адамнан аспауы туралы ұсынысты айтқан болатын. Саясаткер Ерлан Саиров мұндай шектеу әлі талқылау керек екенін атап өтті.
Заң жобасын талқылаудың өзі билік пен халық арасындағы жақындықты білдіреді.
Кеше таңертең президент Тоқаев өзінің Twitter-інде пікірін жазды. Яғни қазір талқыланып жатқан заңның өзектілігін білдіреді... Заңда көзделген бейбіт митингке 250-ден астам адам қатыса алмайды дегенге тоқталғым келеді. 251 адам келсе ше? Қазір әлеуметтік желіде ақпараттың тарауы тез. Мүмкін 1000 адам келіп қалатын шығар. Жан-жақтан хабарландыруды көрген соң халық жиналады. Мұны біз жақсы талқылап алуымыз керек. Сосын бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары (Данияр Есин - авт.) атап өткен өзгерістер осыдан үш күн бұрын айтылған. Бүгін ол заң жобасының талқылауына қосылып отыр. Бұл - жақсы нәтиже. Министрліктің бұл бағыттағы жұмысына оң баға беремін, - деді Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров.Естеріңізге сала кетейік, бейбіт митингке 18 жасқа толмаған ҚР азаматтары қатысуға рұқсат берілуі мүмкін және бейбіт жиынға 250-де астам адам жиналуға рұқсат етілмеуі мүмкін екендігін жазған болатынбыз.