"Мисс Қазақстан-2022" байқауының жеңімпазы анықталды

18 Қараша 2022, 23:23
2618
Бөлісу:
"Мисс Қазақстан-2022" байқауының жеңімпазы анықталды
Фото: nur.kz

24 жастағы Томирис Какимова "Мисс Қазақстан-2022" байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл байқаудың финалына 23 ару шықты. Олардың арасынан алғашқы кезеңде 12-сі іріктеліп алынды, содан кейін ең үздік бес қатысушыны қазылар алқасы анықтады. Жеңімпаз бен  байқаудың лауреаттары Қазақстан атынан әлемдегі ең басты сұлулық байқауларында өнер көрсететін болады.

Қазылар алқасында продюсер Жан Мұқанов, актриса Аружан Жазылбекова, тележүргізуші Динара Сәтжан, блогер және көпбалалы ана Дана Есеева және басқа да танымал тұлғалар бар. Сонымен қатар украиналық әнші Светлана Лобода да қазылық етті. 

Байқауда қыздар дефиледе жүріп өткенде Raim, Дастан Оразбеков, Ninety One тобы, Луина секілді өнер жұлдыздары ән шырқады.

Бес қатысушының арасынан 24 жастағы Томирис Какимова "Мисс Қазақстан-2022" байқауының жеңімпаз атанды. Ол “Әлем аруы” халықаралық байқауында Қазақстан атынан сынға түседі. Бұдан бөлек, Томирис Какимова 5 миллион теңге мен университетте оқу грантына ие болды.

"Ғалам аруы Қазақстан" атанған 19 жастағы алматылық Диана Ташимбаева “Ғалам аруы” байқауына жолдама алды.

"Жер аруы Қазақстан" атанған 19 жастағы Дильназ Тилаева "Жер аруына” Қазақстан атынан қатысатын болды.

"Вице-мисс Қазақстан-2022" қазіргі "Мисс Алматы" Томирис Заир атанды.

“Көрермен көзайымы” номинациясының жекімпазын Республика сарайындағы көрермендер анықтады. Олар өздеріне ұнаған қатысушыға QR-код арқылы дауыс берді. Нәтижесінде 18 жастағы семейлік ару Алтынай Ғазизованы таңдады.

Байқаудың кастингіне 17 мен 25 жас аралығындағы бойы 165 см-ден 185 см-ге дейінгі қыздар қатысты. Финалда қыздардың сұлулығымен қатар ақыл-ойы да сарапқа салынды.

Өзгелердің жаңалығы