Астана, BAQ.KZ. Өзбекстанда елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің туған күні құрметіне еске алу шаралары өтіп арнайы ас берілді.
Өзбекстанды 27 жыл басқарған Ислам Каримов 2016 жылдың қыркүйек айында 78 жасында көз жұмған болатын.
Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Шавкат Мирзияев Ташкенттегі Ислам Каримов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Самарқандағы Шахи-Зинда тарихи зиратына барып, дұға оқыды.
Сондай-ақ президент Самарқанда ас беріп, оған мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ел ақсақалдары мен жастар қатысты.
Шавкат Мирзияевтің 2017 жылдың 25 қаңтарында шығарған қаулысына сәйкес, Өзбекстанда Ислам Каримовтің туған күні жыл сайын атап өтіледі.