Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасының екінші кезеңі басталды. 12-турда «Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасыны» қабылдады.
«Ақтөбе» командасы психологиялық тұрғыдан үмітті үзгендей. Тіпті, футболшыларынан құлшыныс та байқалмайды. Шымкенттің «Ордабасы» командасымен кездесуде жеңіс тұрмақ, тең ойынға да мүмкіндік болған жоқ.
«Ордабасы» мәселені бірінші таймда шешіп тастады. Бразилиялық Жоао Пауло 18 минуттың ішінде дубль жасап үлгерді. Екінші таймда бірінші голды Диакате соқты.
«Бүгін үш ұпай алу аса маңызды болды. Бұл жерде ойнаған ұнайды. Өйткені, жанкүйерлер көп жиналады. Тіпті, «Ақтөбе» 0:3 есебімен ұтылып жатса да, жанкүйерлері соңына дейін қолдады. Ойын өте жақсы өтті, біз әдемі голдарды соқтық. Біз доп жоғалтқан кезде «Ақтөбе» қысым көрсете бастады. Қақпамызға бір-екі қауіпті шабуылдарды ұйымдастырды. Үзілісте жігіттермен сөйлесіп, олар бәрін жақсы түсінді. Екі ойыншыны сәтті ауыстырдық. Қазіргі кезде ойын кестесі қиын. Чемпионаттан бөлек, кубокта ойнап жүрміз. Жақсы ойын үшін рахмет. Енді қайта қалыпқа келу керек. Алда 31 мамырда келесі турдың ойыны бар. Әрбір ойын дәл қазір финал секілді. Сондықтан ұпай жинау қажет», - деді «Ордабасының» бас бапкері Кахабер Цхададзе.
«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Ордабасы» (Шымкент) – 0:3
Голдар: Пауло, 7 (0:1), Пауло, 18 (0:2). Диакате, 68 (0:3).
«Ақтөбе»: Нурмухаметов, Волков (к), Жасанов (Кәкімов, 46), Жұмағали Саят, Қайыров, Марьянович, Айымбетов, Сәулет (Көкеев, 58), Сахибов (Радин, 77), Таңжарықов, Темірхан.
«Ордабасы»: Непогодов, Досмағамбетов, Ерланов, Жаңғылышбай (Бадибанга, 55), Ковальчук, Малый, Механович (Махлангу, 58), Диакате, Пауло (Ваганов, 86), Төлебек, Фонтанелло(к).
Бас төреші:Бағдат Абдуллаев (Қаратау).
Ақтөбе, Қобланды батыр атындағы орталық стадион. 7000 көрермен.