Минскіден Қазақстанға ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

8 Желтоқсан 2020, 11:03
1365
Бөлісу:
Минскіден Қазақстанға ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Венгрия, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 11 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

964 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 884 адам, анықтамасыз 80 адам ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 5 рейс, 340 жолаушы, анықтамамен - 320, анықтамасыз - 20;
Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 480 жолаушы, анықтамамен - 426, анықтамасыз - 54;
Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 132, анықтамасыз - 6;
Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 6 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 

ПТР-талдау нәтижелері бойынша Минскіден ұшып келген жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.


Өзгелердің жаңалығы