Минскідегі кітап жәрмеңкесінде Абай шығармашылығы таныстырылды

1 Наурыз 2020, 17:13
1422
Бөлісу:
Минскідегі кітап жәрмеңкесінде Абай шығармашылығы таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай шығармашылығы әлем елдеріне танымал. Соған қарамастан, ұлы тұлғаның еңбектері өзге тілдерге аударылып, оқырмандарды тың дүниелермен қуантып жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Беларусь астанасында өтіп жатқан халықаралық кітап жәрмеңкесінде солардың бір парасы таныстырылды. Беларусь астанасындағы халықаралық кітап жәрмеңкесіне жыл сайын мыңдаған оқырман келеді. Биыл Франция, Канада, тізе берсек 30-ға тарта мемлекеттен ақын-жазушылардың еңбектері ұсынылды. Еліміз Абай шығармашылығы арқылы ұлттық бітім-болмысымызды көрсетті. 
 

Абайды оқи отырып, қажеттілігі ешқашан жойылмайтын құндылықтарды байқаймыз. Адамзаттық болмыс, тәрбие, білім, ғылым жайында айтқан ойлары әлі күнге өзекті. Ол тек қазақ халқына ғана емес, әлем үшін өшпестей із қалдырды, – деді Қазақстанның Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Асқар Бейсенбаев. 


Абай шығармалары Беларусь тіліне де аударылған. Белгілі ақын Микол Метлицкий осы істі абыройлы атқарып, оқырман қауымның жоғары бағасын алды. 
 

Қазақ халқының мәдениетіне қызығушылық білдіретіндер көп. Біздің орталыққа еліміздің арнайы ән-шашуын іздеп келетіндер бар. Тақырыптық кеш ұйымдастыруымызды қалайды. Ал ақындардың кітаптарын арнайы тапсырыспен алдыртады, – деді продюсерлік орталық директоры, Әлихан Мұсатаев. 


Абай еңбектерімен енді қоғамдық орындарда да танысуға болады. Ел астанасындағы автобустарда әйгілі ақынның өлеңдері оқылып, шығармашылығы насихатталады.

 

Өзгелердің жаңалығы