Министрлік Жамбылда өз белдігіне асылып өлген сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылғы тамызда «Шөлдала» шекара заставасында мерзімді қызметін өткерген Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі сарбазының қаза болуына байланысты БАҚ-тың көптеген сауалына бұл жағдайдың ҚР Қарулы Күштеріне қатысы жоқ екенін хабарлаймыз, -дейді министрліктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ведмоствоның өкілі қандай да бір мәлімет алу үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметіне хабарласуды сұрады.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы күштік құрылымдарының қатарына шақырылған ел азаматтары Қарулы күштердің бөлімшелерінде ғана емес, Ұлттық ұланның (ІІМ), ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімшелерінде де қызмет атқаратынын естеріңізге саламыз, -дейді министрліктің баспасөз қызметі.