Министрлік «Құндылықтарға негізделген білім беру жүйесі» жобасын жасауда

21 Тамыз 2020, 16:42
4399
Бөлісу:
Министрлік «Құндылықтарға негізделген білім беру жүйесі» жобасын жасауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігі «Құндылықтарға негізделген білім беру жүйесі» атты жаңа жобаны даярлауда. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтер мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің онлайн пленарлық отырысында айтты.

Біліммен қатар біздің балабақшалар мен мектеп, оқу орындары тәрбие ісіне жете мән беру керек. Ол үшін арнайы бағдарламаны даярлайтын кез келді.

Әл-Фараби айтып кеткендей, «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауымен тең». Сондықтан білім беру ісінде тәрбие негізгі компонет болуы тиіс. Жаңа жобаның аясында мектеп пен университет парламентін құру, ата-аналармен жұмыстың жаңа форматы қарастырылады. Сондай-ақ партиоттық тәрбиеге мән беріліп, «Жас қыран» ұйымдары жасақталады, - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.
Осыған дейін министр отандық ғылымды қолдау мақсатында ғылыми жобаларға арналған грант жыл сайын бөлінетіндігін айтқан еді.



Өзгелердің жаңалығы