Министрлік маска өндірісін бақылауға алды

19 Наурыз 2020, 13:01
1427
Бөлісу:
Министрлік маска өндірісін бақылауға алды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ҚР ИИДМ медициналық маска шығаратын отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін назар ұстап отыр.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Халықты жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі маскалар өндіру бойынша күнделікті мониторинг жүргізуде. Бүгінде отандық кәсіпорындар медициналық маскалар өндірісі бойынша жұмыстарды тәулік бойы жүргізеді. Сондай-ақ, маскалар өндірісіне тігін фабрикалары өз үлестерін қосуда.

Тігін және фармацевтикалық кәсіпорындарды маскалар өндіру үшін шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында "Azala Textile" ЖШС селдір мата өндірісі іске қосылды. Қазір кәсіпорында тәулігіне 2,4 мың метр селдір мата шығаратын 2 станок жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жақында үшінші станок іске қосылып, ол тәулігіне 1,2 мың метр өнім шығарады. Осылайша, тоқыма фабрикасы мамандарының мәліметінше, кәсіпорын сәуір айы басында 48 мың метр селдір мата өндірмек.

Өндірістік кезең МЕМСТ 9412-93 медициналық селдір мата мемлекетаралық стандартына сәйкес жолға қойылған.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта өндіріс ошағы төмен тығыздықтағы ағартылған мақта матасын шығарады. Оны қорғаныс маскаларын өндіру үшін пайдалануға болады.


Өзгелердің жаңалығы