Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру туралы тапсырмаларының шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп медициналық көмекті қаржыландырумен байланысты жағдайды жақсарту жөнінде бірқатар шешімдер қабылдады.
Консультациялық-диагностикалық көмек (КДК) көрсету деңгейіндегі проблемалардың бірі осы қызметтерді көп тұтыну болды.
Бірінші себеп кейбір медициналық ұйымдарда қызметтер көлемінің 80%-на дейін үшінші тарап ұйымдарына берілген кезде КДК-ны бірлесіп орындауға берумен байланысты, бұл Медициналық сақтандыру қорының негізгі жеткізушілерінің борыштық міндеттемелерінің қауіптерін арттырады.