Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Министрлік Астанада кранның құлауына қатысты пікір білдірді

Жансая ҚАМБАР
22 Шілде 2025, 13:26
625
Бөлісу:
 - архив/ Арман Мухатов
Фото: - архив/ Арман Мухатов

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков 18 шілдеде Астанадағы құрылыс алаңында болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында Төтенше жағдайлар министрлігінің талаптары сақталуы керек. Барлық күрделі көтергіш механизмдер пайдалануға берілгенде де, орнату кезінде де техникалық тексерістен өтеді, сондай-ақ қауіпсіздік техникасының сақталуымен бірге жүреді. Өнеркәсіптік нысандарда және көлік құралдарын көтеру барысында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде де қауіпсіздік талаптарының міндетті түрде сақталуы керек. Бұл жағдайда ұйым тарапынан кемшілік болғаны анық. Біздің комитет тарапынан бақылауды күшейту әзірге жоспарланып отырған жоқ, өйткені тиісті талаптардың барлығы бұған дейін қарастырылды, - деп түсіндірді Жүнісбеков.

Еске салайық, 18 шілде кешкі сағат 20:00 шамасында мұнаралы кран құлап кеткен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, құлау сәтінде кабинада жұмысшы болған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы