Министрлік «АЭС-пен жасыл» сценарий белгілеуді ұсынды

15 Ақпан 2022, 10:36
1399
Бөлісу:
Министрлік «АЭС-пен жасыл» сценарий белгілеуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты. 

2035 жылға дейінгі елдің энергетикалық балансы әзірленді, оған сәйкес экономиканың өсу қарқынының артуымен және халықтың ұлғаюмен байланысатын электр энергиясын тұтыну көлемі 153 млрд кВт сағатына деңгейінде болжанады, - деді ол. 

Ақшолақов айтқандай, жұмыс істеп тұрған электр станцияларының генерациясы 2020 жылда 108 млрд кВт сағаттан 2035 жылда 88,6 млрд кВт сағатқа дейін кезең-кезеңімен төмендеуі байқалады.

Энергетикалық балансы бойынша саланы дамудың мақсатты пайымы ретінде - 17,5 ГВт электр қуатын енгізуді көздейтін «АЭС-пен жасыл» сценарийін белгілеуді ұсынылады.Бұл сценарий жасыл энергия көздеріне, газ және атом генерациясына баса назар аударады, - деді ол. 

Ол атағандай, атом генерациясын дамыту қажеттілігі көміртегі бейтараптығының әлемдік күн тәртібіне сәйкес келеді.

Таза электр энергиясының үлесін арттыру, ел экономикасында көміртегі ізінің төмендеу, СО2 шығарындыларын азайту бойынша міндеттемелерді орындау, еліміздің энергия жүйесінің жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері генерациясының артуын қолдау, - деді Ақшолақов. 

Өзгелердің жаңалығы