Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда әлем елдерінде тұмаудың және тұмауға ұқсас инфекцияның ушығуы байқалуда.
Мысалы, Америка Құрама Штаттарында, Канада, Норвегия, Швеция және Еуропа елдеріндегі Италия, Францияда тұмаудың өршуін байқап отырмыз. Бұл орайда 2 млн 125 қазақстандық тұрғындарға вирусқа қарсы вакцина жасалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі, Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Биылғы жылы 2 млн 125 тұрғындарға екпе жасадық. Бұл қазақстандық халықтың 11,5% құрайды. ДДҰ ұсынысы бойынша ең кемінде біздің тұрғындардың 10%-ы егілуі керек. Сондықтан біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүктеген нұсқауларды толғымен орындадық деп айта аламыз. Қазіргі таңда біз 1 млн 800 вакцина республикалық бюджеттен қаражат бөлініп сатып алдық. Әрине, бұл вакцина тегін таратылды. Осы вакцинаны ең қауіпті тұрғындар арасында топтарына ектік. Бұл қауіпті топқа кіргендер: 6 айдан асқан нәрестелер және медицина қызметкерлері ең бірінші осы ауруларды жұқтырады. Жүрек-қантамыры жүйелері және тыныс жолдары созылмалы аурулары бар азаматтар бірінші болып егілді. Және де балалар үйінде тұрып жатқан бүлдіршіндер мен қарттар үйіндегі қарияларымызды егіп жатырмыз. Үлкен мән беріп отырғанымыз – екінші-үшінші триместрдегі жүкті әйелдерді вирусқа қарсы міндетті түрде егілуге шақырамыз, - деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин.
Бұл тұмау деңгейінің төмендеуіне өзінің үлесін қосты. Қазіргі таңдау тұмау және тұмауға ұқсас инфекция жағдайы тұрақты. Былтырғы жылмен салыстырғанда 20%-ға төмен.
Осы маусымның алдында тұмаудың 3 түрі айналымда болады деген болжам жасағанбыз. Болжамымыз орындалды. Бүгінде біздің зертхананың мүмкіндігі бар. Жаңа вирус анықталса, оны өз мезгілінде, оперативті түрде анықтауға мүмкіндігіміз бар. Біздің эпидемиологтар инфекцияға қарсы алдын-алу шараларын жүргізеді, - деп түсіндірді спикер баспасөз брифингінде.
Оның айтуынша, респиратуралық вирустық инфекциялардың сынамалары болған кезде, сондай адамдармен қарым-қатынасқа шектеу қою керек. Ең бірінші вирусқа қарсы тұру үшін – иммунитетті көтеру керек. Ол үшін дәрумендік-минералдық кешенді дәрумендерді ішу керек. Құрамында көп дәрумен бар жеміс-жидекті жиі-жиі пайдаланған жөн.
Ең қарапайым, пайдалысы – пияз бен сарымсақ деуге болады. Өйткені, оларда табиғи фитонцид бар. Олар вирусқа жол бермейді, - деп атап өтті бас дәрігер.