Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өзіне және министрлікке қатысты бірнеше сұраққа жауап берді, дем хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сағатты 2 миллион деуі асыра айтылған және бізде форманы өз ақшасына сатып алу деген жоқ. Біз өз құтқарушыларымызды тегін киіммен қамтамасыз етеміз. Әрине, мүлдем жаңа емес, бірақ қамтамасыз етіледі, – деді Әрінов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
БАҚ өкілі министрдің сағаты қанша тұратынын сұрады.
2 миллион теңге тұрмайды. Қанша тұратынын нақты білмеймін, маған сыйға тартылған стандартты сағат, – деп жауап берді министр.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елімізде жыл сайын жүздеген адам суға батып, қаза болатынын айтты.