Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
7 қыркүйек күні Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев іс-сапармен Теміртау қаласына барды. Сапар аясында министр бірқатар энергетикалық нысанға барып, олардың алдағы жылыту маусымына дайындығын тексереді.
Атап айтқанда, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қоғамына қарасты 2-ші ЖЭО-на, «Bassel Group LLS» ЖШС-не қарасты ҚарГРЭС-1 кәсіпорындарына барады.