ҚР Қорғаныс министрлігі журналистер арасында байқау жариялады

9 Қазан 2019, 13:50
2109
Бөлісу:
ҚР Қорғаныс министрлігі журналистер арасында байқау жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әскер Медиа – 2019» баспасөз фестивалін жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұйымдастырады. 

Бұл әскери тақырыпта қалам тербеп жүрген барлық бұқаралық медиа өкілдері үшін ынтымақтастық, диалог және тәжірибе алмасу үшін бірегей платформа.

Фестиваль мынадай тапсырмаларды шешуге бағытталған: 

- Қарулы Күштердің ашықтылығы мен қолжетімділігін арттыру, БАҚ-та қазақстандық әскердің қызметін объективті жария ету; 

- әскери журналистиканы дамыту және телевизиялық, баспасөз және электрондық БАҚта бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыру; 

- әскери тақырыпты жария етіп жүрген барлық бұқаралық медиа өкілдері үшін ынтымақтастық, диалог және тәжірибе алмасу платформасын құру; 

- Қазақстан армиясы туралы позитивтік пікір қалыптастыру, қоғам арасында әскери қызмет пен әскери дәстүрдің беделін арттыру және насихаттау; 

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қоғамдық назарды аударту. 

Фестиваль мақсаты шетелдік, орталық және өңірлік (жергілікті) баспасөз, аудио және электрондық БАҚ-та орналастырылған материалдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметіне арналған әлеуметтік желілер мен блогтардағы авторлық материалдарды сұрыптау.

Фестивальға қатысуға 2019 жылғы 1 қаңтар мен 31 қазан аралығындағы кезеңде Қарулы Күштердің іс-әрекеті туралы материалдар жариялаған отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, блогерлер қатыса алады. 

Фестиваль номинациялары: 

1) «Бес қару» – үздік телевизиялық бағдарлама үшін; 

2) «Дауылпаз» – үздік радиобағдарлама үшін; 

3) «Алдаспан» – баспасөз БАҚ-тағы үздік материал үшін; 

4) «Сөзсемсер» – ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс үшін; 

5) «Айтөбел» – үздік фотожұмыс үшін; 

6) «Қамшыгер» – әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік жұмыс үшін; 

7) «Шарайна» – өңірлік БАҚ-тағы үздік материал үшін; 

8) «Самұрық» – үздік арнайы жоба үшін; 

9) «Ақсұңқар» – өз саласының майталманы; 

10) «Жасөркен» – үздік жас журналист; 

11) «Ділмар» – үздік әскери шолушы; 

12) «Дәнекер» – ҚР ҚК туралы шетелдік БАҚ-тағы үздік материал. 

Фестивальға қатысу үшін өтінімдер электрондық үлгіде 2019 жылғы 31 қазанға дейін қабылданады. 

Өзгелердің жаңалығы