Министр: Жүргеновтің мерейтойы - басқа елдерде де атап өтілетін халықаралық оқиға

16 Наурыз 2023, 16:17
730
Бөлісу:
Министр: Жүргеновтің мерейтойы - басқа елдерде де атап өтілетін халықаралық оқиға
PHOTO
Фото: ҚР МСМ баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған салтанатты іс-шарасы жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» атты жаңа кітабының тұсаукесерінен басталды.

Министр: Жүргеновтің мерейтойы - басқа елдерде де атап өтілетін халықаралық оқиға

Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатыстым. Оған шығармашылық зиялы қауымның көрнекті өкілдері, сондай-ақ ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының қонақтары келді. Атап айтқанда, Бас хатшының орынбасары Билал Чакыжы қатысты. Іс-шара жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» атты жаңа кітабының тұсаукесерінен басталды. Айтпақшы, көрнекті мемлекет қайраткеріне арналған бұл роман алты тілге аударылып, басқа түркі елдерінде де басылып шығады, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Министр: Жүргеновтің мерейтойы - басқа елдерде де атап өтілетін халықаралық оқиға

Оралов  ТҮРКСОЙ ұйымы 2023 жылды "Жүргенов жылы" деп жариялағанын айтып өтті.

Одан кейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттерінің қатысуымен концерт өтті. Студенттер тарихи тұлғаның өмірі мен қызметі туралы баяндайтын театралды, музыкалық және би қойылымдарын көрсетті. Жиынның ашылу салтанатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып бердім. Сондай-ақ Абай атындағы театр ғимаратында атақты мерейтой иесіне арналған картиналар мен мүсіндер көрмесі өтті. Әрине, бұл біз атап өткен маңызды күнге орайластырылған жалғыз іс-шара емес. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл бойы еліміздің барлық аймағында 100-ден астам түрлі іс-шара өтеді. Темірбек Жүргеновтің мерейтойы - бұл басқа түркітілдес елдерде де атап өтілетін халықаралық ауқымдағы оқиға. Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ ұйымы 2023 жылды "Жүргенов жылы" деп жариялады, - деді министр.

Министр: Жүргеновтің мерейтойы - басқа елдерде де атап өтілетін халықаралық оқиға
Өзгелердің жаңалығы