Министр жекеменшік медициналық орталықтарды аралады

6 Қаңтар 2020, 13:33
2995
Бөлісу:
Министр жекеменшік медициналық орталықтарды аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласындағы жекеменшік медициналық орталықтарын аралады.

Бұл туралы министрдің баспасөз хатшысы Гауһар Бисарина Facebook-тегі парақшасында жазды.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, Елжан Біртанов бірінші Нұр-Сұлтандағы МӘМС аясында балаларға тегін консультациялық қызмет көрсететін жеке меншік оңалту орталығын аралады. Орталықта процедураларға қажетті барлық жағдай жасалған, соның ішінде массаж кабинеті, ЕДШ, физиоемдеу, тұзды шахта, емшара кабинеті аралап көрді.
Орталық ДЦП, энцефалопатиясы және жоғарғы тыныс алу жолдарының созылмалы патологиялары бар балаларға медициналық көмек көрсетуге бағытталғанын атап өту қажет. Жылына 700-ден астам бала оңалтудан өтеді. Сондай-ақ, министр жекеменшік медициналық орталықтарды қолдайтынын жеткізді және клиникалар инновациялық технологияларды енгізіп, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында емдеу стандарттарын сақтауы тиіс екенін атап өтті, - деп жазды Гауһар Бисарина.


Өзгелердің жаңалығы