Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Министр Юрий Ильин Қостанай облысындағы қазіргі жағдай туралы айтты

4 Қыркүйек 2022, 02:41
1386
Бөлісу:

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин оқиға орнында өткізген баспасөз мәслихатында Қостанай облысында жағдай тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жағдай бақылауда. Қазіргі уақытта өрт аумағы 9 мың гектардан асады. Таңертең рейс жасалады. Сондай-ақ, аэроғарыштық фотосуреттер өрт аймағының көлемін нақтылайды, - деді министр Юрий Ильин.

Оның айтуынша, жақын маңдағы елді мекендерден адамдар эвакуацияланған. Бірде-бір адам зардап шекпеді. Қостанайлық өрт сөндірушілерге көмекке Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан қосымша күштер мен құралдар келді. Қарағанды ​​облысынан, елордадан келген әріптестер жолға шыққан.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ендігі басты мақсат адам өмірін сақтап қалу екенін айтты.

Уақытылы көмек көрсетіледі. Адамдар әлеуметтік нысандарға – екі мектеп пен интернатқа орналастырылды. Олар тамақпен, сумен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ендігі басты мақсат – өртті тезірек сөндіру, - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Өзгелердің жаңалығы