Министр статистикалық деректер бұрмаланатынын айтты

24 Маусым 2024, 11:21
362
Бөлісу:
Министр статистикалық деректер бұрмаланатынын айтты
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы саласындағы проблемалардың бірі - шикізаттың жетіспеушілігі және қымбаттығы. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Статистикаға сәйкес, мал шаруашылығындағы шикізат жеткілікті болғанымен, біз деректер нақты жағдайға сәйкес келмейтінін түсінеміз. Мысалы, ресми статистикаға сәйкес жыл сайын шамамен 6,5 млн тонна сүт өндіріледі, бірақ оның тек 2,1 млн тоннасы 180 кәсіпорында өңделеді. Парадокс: сүттің мұндай көлемі болған кезде өңдеуге шикізат жоқ па? – деді министр.

Сапаровтың айтуына қарағанда, бұл факт мал шаруашылығында да, өсімдік шаруашылығында да статистикалық деректерді бұрмалаудың көп жылдық тәжірибесінің болуымен байланысты.

Осыған байланысты статистикалық деректерді өзектендіру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Комиссия жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2 млн бас мал мен 3 млн тонна сүт есептен шығарылды. Өсімдік шаруашылығында жұмыс жалғасып жатыр, - деп айтты Айдарбек Сапаров.

Айтуынша, релеванттық деректер жоспарлау мен ішкі нарықты реттеу бойынша шешімдер қабылдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы