Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде онлайн қабылдау өткізді. 5 сағаттан астам уақытқа созылған қабылдау барысында Еңбекминінің басшысы 27 азаматтың мәселелерін қарады.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының тұрғындары министрге көмек және кеңес алу үшін жүгінген.
Қабылдау барысында мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілердің қызметтерін ұсыну және оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштері қаралды. Бірқатар азаматқа түрлі әлеуметтік төлемдер мен қызметтер бойынша түсініктемелер берілді. Сондай-ақ министр азаматтардың жұмысқа орналастыру, еңбек заңнамасын бұзу және еңбек инспекторларының жұмысы мәселелері жөніндегі өтініштерін қарады.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов оларға егжей-тегжейлі жауап берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша Еңбекминінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге жәрдем көрсетуге тапсырма берді.