Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Министр қызмет барысында қаза тапқан фельдшердің жақындарына көңіл айтты

Бөлісу:
 instagram / akmaralalnazarova
Фото: instagram / akmaralalnazarova

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан фельдшердің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жедел медициналық жәрдем фельдшері Насиба Мұхтарқызы Жаңабаеваның қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Насиба небәрі 23 жаста еді, төрт ай бұрын ғана Алматы қаласының Жедел жәрдем қызметіне жұмысқа тұрған болатын. Осы қысқа уақыт ішінде ол өз міндетіне жауапты, адал, жанашыр, әрқашан көмек көрсетуге дайын медицина қызметкері ретінде танылды. Насиба Мұхтарқызының туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және Алматының бүкіл медициналық қауымдастығына қайғырып көңіл айтамын, – деп жазды министр.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының Алатау ауданында 3 желтоқсан күні шамамен 00:40-та жедел жәрдем көлігі мен Kia маркалы жеңіл көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы орын алып, жол апатынан 23 жастағы фельдшер қаза тапқан еді.

Өзгелердің жаңалығы