Министр құтқарушыларды қуантатын жаңалық айтты

Бөлісу:
Министр құтқарушыларды қуантатын жаңалық айтты
Фото: pixabay.com

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Мәжіліс кулуарында құтқарушылардың жалақысы 10%-ға өсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ТЖМ басшысы көмекші және жауынгерлік бөлімшелердің қызметкерлерінің айлығы көтерілетінін хабарлады.

Біз жалақыны шамамен 10%-ға арттыруды жоспарлап отырмыз. Жауынгерлік бөлімшелер үшін жалақының артуы бұрын жүргізілген болатын, ал 2026 жылы біз бұл тәжірибені Ішкі істер министрлігі және басқа да құқық қорғау органдарымен бірге жалғастырамыз, - деді министр.

Бұдан бөлек биылдан бастап құтқарушылар тұрғын үй өтемақылары де беріледі.

Егер заң қабылданса, біз өз қызметкерлерімізге (20 мың адамға жуық) тұрғын үй төлемдерін ұсына аламыз, - деді ТЖМ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы