Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Министр: Қазақстан спутниктік байланыс бойынша цифрлық хабқа айналды

21 Қазан 2025, 09:52
423
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстан спутниктік байланыс бойынша цифрлық хабқа айналуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, 40 000 шақырым автожол бойы 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі. Айта кетерлігі, жоба жеке инвесторды тарта отырып жүзеге асырылады.

Алыс және аз қоныстанған ауылдарды интернетпен қамту мәселесі спутниктік байланыс жобалары арқылы шешілуде. 2025 жылдың соңына дейін басқа технологиялар жете алмаған 504 ауыл спутниктік интернетке қосылады. Қазір ел нарығында 3 спутниктік интернет операторы жұмыс істейді. 2027 жылға дейін нарыққа тағы 2 компания келеді деп күтілуде. Олардың пилоттық сынақтары 2026 жылы өтеді. Сонымен қатар 2025-2026 жылдары ел аумағында Direct to cell (D2C) қызметін іске қосу жоспарлануда, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар вице-премьер жоба ел аумағын ұялы байланыспен толықтай қамтитынына назар аударды.

Бірінші кезеңде, 2026 жылы, SMS-хабарламалар қолжетімді болады. Одан кейін, 2027 жылы, дауыс байланысы мен деректерді беру қызметтерін көрсету жоспарлануда. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан спутниктік байланыс бойынша цифрлық хабқа айналуда. 6-слайд Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы интернет-трафик транзитінде стратегиялық рөл атқарады. Бүгінде бұл процесстегі біздің үлесіміз 1,5%-ды ғана құрайды. 2027 жылға қарай бұл көрсеткішті 5%-ға дейін өсіруді көздеп отырмыз, - деді Жаслан Мәдиев.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан 2027 жылы интернетпен 100% қамтылатыны айтылды. 

Өзгелердің жаңалығы