Министр Қарағанды облысының фермерлерімен кездесті

20 Қазан 2022, 21:50
1062
Бөлісу:
Министр Қарағанды облысының фермерлерімен кездесті

Қарағанды облысының фермерлері Ауыл шаруашылығы министріне АӨК саласының өзекті және проблемалық мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ербол Қарашөкеев өңірге жұмыс сапары кезінде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті, сондай-ақ облыстың бірнеше кәсіпорнына барды.

Министр Қарағанды облысының фермерлерімен кездесті

Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрі «Нәтиже» сүт өңдеу кәсіпорнының қалай жұмыс істейтінін көрді. Зауыт жыл сайын шамамен 44 мың тонна сүт өңдейді және Қазақстанның бірнеше қалаларын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.  Айта кетейік, бүгінде Қарағанды облысында 39 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді, тағы 4 қуаттылығы жылына 9,8 мың тонна сүт жыл соңына дейін ашылады.

Министр Қарағанды облысының фермерлерімен кездесті

Ербол Қарашөкеев сондай-ақ аты аңызға айналған «Қарағанды-Нан» нан-макарон комбинатында болды. Бүгінгі таңда корпорация Ресей, Беларусь және Орталық Азия елдеріне экспортталатын 220-ға жуық өнім шығарады.

Министр Қарағанды облысының фермерлерімен кездесті

Министр биылғы маусымда азық-түлік корпорациясы форвардтық келісімшарттар шеңберінде шамамен 1,1 млн тонна ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алуды жоспарлап отырғанын, сол арқылы маусымаралық кезеңде нан-тоқаш және макарон өнімдерін өндіру үшін астық пен ұнның құнын тежеуге болатынын атап өтті. 

Сонымен қатар сала басшысы Абай ауданындағы «Шанс» ШҚ жұмысымен танысты. 25 жылдық тарихы бар шаруа қожалығы дәнді және көкөніс дақылдарымен айналысады, сонымен қатар мал өсіреді. Соңғы екі жылда фермерлер миллиард теңгеден астам мемлекеттік субсидия алды, оның ішінде қолдау құрама жем зауытын салуға және астық тазалайтын машина сатып алу үшін көрсетілді. 

Министр Қарағанды облысының фермерлерімен кездесті

Айта кетейік, Қарағанды облысында 2026 жылға дейін құны 141 млрд теңге болатын 72 жаңа инвестициялық жоба ашылып, маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тапшылығын өтеуге мүмкіндік береді, Сондай-ақ 3200-ге жуық жұмыс орнын ашады деп көзделіп отыр. 

Өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесуде Ербол Қарашөкеев АӨК саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ 2023 жылдан бастап іске қосылатын субсидиялаудың жаңа тетіктері туралы айтып берді. 

Айта кетейік, биыл АӨК субсидиялау көлемі 453 млрд теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде Қарағанды облысына 38,3 млрд теңге бағытталды.

Өзгелердің жаңалығы