Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Қарағанды облысында КВИ-ге байланысты эпидемиологиялық жағдай және облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша облыстық штаб отырысын өткізді.
Жиынға Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың, Денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен емханалардың, инфекциялық стационардың бас дәрігерлерінің қатысты.
Қарағанды облысында COVID-19 ауруының өсуі байқалады. Орташа тәуліктік тіркеу 826-дан 1521 жағдайға дейін өсті, 3 762 науқас (КВИ+ және КВИ–) емделуде, оның ішінде стационарларда - 549, - деп хабарлады министр.
Бұдан басқа, жедел медициналық жәрдем станциясына тұрғындар өтініштерінің саны 38% - ға артты.
Министр эпидемияға қарсы іс-шаралар мен денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдарды жедел түзету үшін эпидемиологиялық жағдайды болжау бойынша талдау жұмысын жүргізуді тапсырды.
Мекеме басшысы жағдайды тұрақтандыру үшін алғашқы мамандандырылған медициналық-санитарлық көмек деңгейінде тәулік бойғы жұмысты қамтамасыз етуді; мобильді бригадалармен қатар халыққа медициналық көмекті учаскелік желімен қамтамасыз етуді; ересек, жүкті және балаларды бөлек қабылдаудың қосымша сүзгі-кабинеттерін ашуды; медициналық көмек көрсету бойынша қашықтықтан көрсетілетін қызметтерді және "үйдегі стационар" қызметін белсенді пайдалануды; сall-орталықтар мен ахуалдық орталықтардың жұмысын күшейтуді ұсынды.
Ахуалдық орталықтар үйде емделіп жатқан науқастарға кеңес беру және олардың жай-күйін мониторингтеу үшін қоңырау шалуды тұрақты негізде жүзеге асыруы қажет.
Ажар Ғиният стационарлық деңгейде бейінді мамандардың консультациялық көмек ұйымдастырумен КВИ-мен ауыратын ауыр науқастарға күн сайын мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ, осы деңгейде резервтік дәрігерлер мен медбикелер кадрларының тізімі мен жұмыс кестесін дайындау қажет; халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау шараларын қабылдау қажет, ал мониторинг топтары шектеу шараларының орындалуын бақылауды күшейтуі керек.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуіне қарсы іс-қимылдың бірден-бір пәрменді шарасы ретінде халықты вакцинациялау мен ревакцинациялаудың рөлін ерекше атап өтті.
Министр облыстың коммерциялық сегментінде (дәріханаларында) COVID-19 коронавирустық инфекциясын емдеу кезінде қолданылатын дәрілік заттардың болуына мониторинг жүргізуді ұсынды.
Айта кетер жәйт, Қарағанды облысында алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды уақытылы қабылдау мақсатында 782 медицина қызметкерінен қосымша резерв құрылды, оның ішінде 139 дәрігер, резервте 2 666 инфекциялық төсек, 184 МСАК мобильді бригадасы бар.