Министр спорттық және батут гимнастикасынан Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алған Нариман Құрбанов, Милад Карими, Пирмаммад Әлиев және Данил Мұсабаевпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесуге жаттықтырушылар, медициналық қызметкерлер және Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова қатысты. Оларды соңғы жетістіктерімен құттықтап, алғыс хат табыстадым және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын оқып бердім, - деп жазды миниср Асхат Оралов.
Министр спортшыларға Азия ойындары мен Олимпиадада сәттілік тіледі.
Біздің спортшылардың әлеуеті зор және менің министр ретіндегі міндетім - оларға лайықты қолдау көрсету. Жаттығу базалары, тамақтану, лайықты еңбекақы және басқа да жағдайларды жасап, барлық жағынан қамтамасыз ету. Себебі, үлкен спортта қысқа мерзімде нәтижеге қол жеткізілмейді, бұл ұзақ жылғы еңбек болғандықтан оларға мотивация беру маңызды. Біздің гимнасттардың жеңістеріне үлес қосқан барлық қызметкерлерге алғыс айтқым келеді. Бұл үлкен жолдың басы деп санаймын және жігіттерге алдағы Азия ойындары мен Олимпиадада сәттілік тілеймін! Біз сіздерге әрқашан да жанкүйер болып, қажетті қолдау көрсетеміз, - деді ол.