Конгода министр отырған ұшақтың өртенген сәттегі видеосы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Nile Post-қа сілтеме жасап.
Конго Демократиялық Республикасында министр мен оның делегациясы отырған ұшақ жерге қонған сәтте өртене бастаған. Жолаушылардың өміріне қауіп төнбеді, бірақ төтенше жағдай жолаушылардың зәресін ұшырған.
Ұшақ елдің оңтүстігіндегі Колвези әуежайында ұшу-қону жолағынан шығып, қонған кезде өртенді. Ұшақта Конго Демократиялық Республикасының Таулы-кен өнеркәсібі министрлігінің делегациясын басқарған министр Луи Ватум Кабамба да болған.
Министрдің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Исаак Ньембоның айтуынша, ұшақ Киншаса астанасынан ұшып келген.
Ұшу-қону жолағынан шыққаннан кейін бірнеше секундтан соң ұшақ өртене бастады, - деді ол.
Ұшақ бортын от жауламас бұрын шамамен 20 жолаушы эвакуацияланған. Ешкім ауыр жарақат алмаған.
Айта кетейік, министр мен делегация Колвезиге 16 қарашада апаттан 32 шахтер қаза тапқан жағдайды бағалау үшін аттанған.