Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Жалпыға бірдей декларация аясында әкімдер мен министрлер, депутаттар мүлік декларациясын жүзеге асырады. 15 қыркүйекке дейін мемлекеттік қызметкерлердің мүлкін декларациялау мерзімі бекітілген. Оларды жариялау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңы бойынша қарастырылған, - деді ол.
Іңкәрбаев атағандай, олардың мәліметтері өздері қызмет ететін мемлекеттік органдардың сайтында 2022 жылға дейін жарияланауы керек.
Қаржы есебі жүргізілмейді. 250-реформаның маңызы барлық декларанттың барлық мүлкін декларациялау көлеңкелі табыстың болмауына бағытталған. Алдымен мемлекеттік органдар, кейін квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік ұйымдар өтсе, 2025 жылы барлық халық декларациядан өтеді. Бұл көлеңкеден шығуға бағытталған, - деді Жайдар Іңкәрбаев.