Министр мектеп құрылысының жұмысымен танысты

29 Қазан 2022, 15:25
1211
Бөлісу:
Министр мектеп құрылысының жұмысымен танысты
PHOTO

Бұл туралы Асхат Аймағамбетов өзінің фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Министр Қосшы қаласы, Талапкер ауылы және Үркер шағын ауданындағы үшауысымды және оқушы орындарының тапшылығы бар мектептерді аралады. 
Сондай-ақ қазір жұмыс істеп тұрған мектептердегі оқушы санын реттеу мақсатында салынып жатқан жаңа мектептердің құрылыс жұмысымен және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2023 жылы мектеп құрылысы басталатын орындармен танысты.

Министр мектеп құрылысының жұмысымен танысты

Заңды түрде мектеп салу және оған бюджеттен қаржы бөлу әкімдіктердің құзырында. Оларды жобалау, құрылыс мекемелерін таңдау жұмыстарымен де жергілікті құрылыс басқармалары айналысады. Алайда бұл мәселені бақылауда ұстау маңызды.Қосшыда биылғы қыркүйек айында 1 200 орындық мектеп пайдалануға берілді. Қазір мұнда тағы екі жаңа мектеп салынып жатыр. Олар 2023 жылдың жазына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарымен таныстым,-дейді ол.

Сонымен қатар Президенттің тапсырмасымен әзірленген «Жайлы мектеп» жобасы аясында келесі жылы 11 000 орындық тағы 3 мектептің құрылысы басталатынын айтты. Министрдің айтуынша бұл оқушылар орнының жетіспеушілігі мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.

Министр мектеп құрылысының жұмысымен танысты

Сонымен бірге 2023 жылы Талапкер ауылында «Жайлы мектеп» аясында екі мектеп 4800 орынға, Қажымұқан ауылында бір мектеп 1800 орынға салу жоспарда бар (екі ауысым). Бұл оқушы орнының тапшылығы мәселесін толығымен шешеді. Үркердегі №69 мектеп-гимназиясында да болдым. Оқу кабинеттерін, психологиялық-педагогикалық түзету, робототехника кабинеттерін аралап шықтым. Мұғалімдермен әңгімелестім. Бұл мектепте 28 бала инклюзивті білім алады. Мектеп үшауысымды. Оған жақын жерден 2023 жылы «Жайлы мектеп» аясында 2 000 орындық жаңа мектептің құрылысы басталады,-дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы