Министр маңғыстаулық жастармен кездесті

Маңғыстау облысында іс-сапармен жүрген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Yessenov университетінде жергілікті жастармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 Мамыр 2023 2023, 16:44
АВТОР
 АҚДМ баспасөз қызметі 20 Мамыр 2023 2023, 16:44
20 Мамыр 2023 2023, 16:44
895
Фото: АҚДМ баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында іс-сапармен жүрген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Yessenov университетінде жергілікті жастармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы жастардың әлеуметтік жағдайын көтеріп, мүмкіндіктерін арттыруға үнемі баса назар аударып келеді. Соның бір көрінісін Маңғыстаудан көреміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар саясаты саласында бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Басты жаңалықтың бірі жастар туралы заң қабылданды. Жастар прогресінің жаһандық индексі деректері бойынша Қазақстан 63 орыннан 54 орынға көтерілді. Жастар саясаты саласында NEET санатындағы жастар ерекше назар аударуды талап етеді. Осы мәселені шешу мақсатында заңда «NEET санатындағы жастар» ұғымы бекітілген, бұл оларды жұмысқа орналастыру, білім беру, біліктілігін арттыру бойынша жүйелі және атаулы жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді,- деді министр.

Айта кету керек, Маңғыстау облысында жастар саны 233 мың. Мемлекет кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастар мен талантты ұландарға қолдау көрсетіп келеді.

Жиында жастар ұйымдарының өкілдері сөз алып, өз ойларын ортаға салды.

Наверх