Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев консервіленген киік етінің дәмін татпақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілі министрге "Сіз консервіленген ақбөкен етін америкалық актер Леонардо Ди Каприоға жіберуді жоспарлап отырсыз ба?" деп сұрақ қойды.
Танымал Голливуд актері Леонардо Ди Каприо ғана емес, көптеген халықаралық ұйымдар да 21 мың бас киіктің санын өсіргеніміз үшін бізге алғыс хат жібереді. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар мәселенің екінші жағын да түсініп отыр. Олар ақбөкен санын реттеу керектігін де, әлемде мұндай тәжірибе барын да қабылдайды, - деді Экология министрі Ерлан Нысанбаев үкімет баспасөзінде.
Ол консервті америкалық актерге жібермес бұрын киік етінің дәмін өзі татпақ.
Киік санының табиғи реттелу құбылысының бұзылғанына өзіміз кінәліміз. Бүгінде оны қолдан реттеуге мәжбүрміз. Өйткені, олар
ауыл шаруашылығына шығын келтіріп жатыр. Консервіленген (ақбөкен етіне) тоқталайын. Ол сатылып жатса, өзім сатып алып, дәмін көремін. Шынымды айтсам, бұл туралы ойламаппын, - деді Ерлан Нысанбаев.