Министр кедендік әкімшілендірудің проблемаларын атады

22 Ақпан 2022, 10:15
1028
Бөлісу:
Министр кедендік әкімшілендірудің проблемаларын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Қаржы министрлігі кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша келесідей шаралар қабылдауда.Ең алдымен негізгі проблемаларға тоқталып өтейін. Оларды шешу әкімшілендіру процестерін түбегейлі жақсартуға мүмкіндік береді, - деді ол. 

Жамаубаев атағандай, тауарларды импорттау кезінде дұрыс декларация бермеу және құнын төмендету мәселесі де бар.

Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистика деректерінің алшақтығы 5,7 млрд АҚШ долларын құрайды. Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауда статистикасындағы айырмашылықтар көптеген елдерге тән екенін атап өту қажет. Мысалы, Comtrade деректері бойынша 2020 жылы Қытай Халық Республикасының Германиямен алшақтығы 47 млрд доллар, Вьетнам Республикасымен – 30 млрд доллар, Польшамен – 10 млрд доллар, Пәкістанмен – 3 млрд долларды құраған, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы