Министр қандай салада өсім болғанын айтты

13 Қазан 2020, 09:24
1831
Бөлісу:
Министр қандай салада өсім болғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкіметте өткен онлайн отырыс кезінде баяндады.

Экспорт 8 айда 31,9 млрд долларды құрап, төлем теңгерімінің оң сальдосын 8,1 млрд доллар деңгейінде қамтамасыз етті. Дайын және өңделген өнімдердің экспорты ұлғайды. Осы жылғы қаңтар-тамыз айларында автомобильдердің экспорты - 5,7 есе, ферросилиций - 5,4 есе, күнбағыс майы - 86%-ке, темірден жасалған созба сым - 33, титан құймалары - 9,5%-ке өсті, - деп атап өтті министр.

Ол баяндағандай, 9 айда өңдеу өнеркәсібінде өсу жалғасқан. 

Автомобиль жасау – 51,6%-ке, фармацевтика – 39,8, дайын металл бұйымдары – 18,9, қағаз өнімдері – 15,1 және жеңіл өнеркәсіп – 14,1%-ке өсті. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, жалпы экономика бойынша инвестициялар өсуде, - деп баяндады Руслан Дәленов.

Инвестициялар денсаулық сақтауда 85,7%-ке, байланыста – 62,4%, сумен жабдықтауда – 27,4%, тұрғын үй құрылысында – 25,2%, агроөнеркәсіп кешенінде – 15,1%, өңдеуде – 7,3% және көлікте – 5,7%-ке ұлғайды.

Қыркүйекте салалардың көбі өсу көрсетті. Олар ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру, техникалық қызмет, қаржылық қызмет, сауда, көлік және басқалар.

Министр қыркүйектің көрсеткіштері бойынша қызмет көрсету саласы қалпына келе бастағанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы