Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытай және Франциямен қазақстандық су мамандарын біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025 жылы қазақстандық су саласының мамандарын Қытай мен Францияда біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келіссөз жүргізуде. Бұл туралы ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуі кезінде мәлімдеді.
Білікті мамандардың жетіспеушілігі - күн тәртібіндегі мәселе, сондықтан кадр даярлау - біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Биыл «Қазсушар» мекемесінің 450 маманы біліктілік арттыру курстарынан өтуде. Ал Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды. «Болашақ» бағдарламасына су мамандықтары енгізілді. Сонымен қатар, биыл 523 түлек су саласы мамандықтары бойынша грантқа түсті. Бұл өткен жылдан екі есе көп, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.