Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Министр ғылымды насихаттаймын деп қолын күйдірді

Олжас АДАЙ
11 Наурыз 2025, 12:33
1167
Бөлісу:
 автордан
VIDEO
Фото: автордан

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қысқа тұйықталу кезінде жанбайтын жаңа электр кабелін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметте өткен брифингте министр отандық кабельдің берік әрі отқа күймейтінін көрсетті. Ең қызығы, демонстрация барысында министр бірнеше рет саусағын күйдіріп алды.

Министр ғылымды насихаттаймын деп қолын күйдірді

Біз қысқа тұйықталу кезінде жанбайтын кабельдерді әзірлеуді бастадық. Өрттердің негізгі себебі – оқшаулау материалдарының еріп, жалынның таралуына әкелуі. Сондықтан біз жанбайтын және зиянды заттар бөлмейтін кабельдер жасауды қолға алдық, - дейді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, бүгінгі таңда кабельдер экспортқа шығарыла бастаған.

Өзгелердің жаңалығы