Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Министр фельдшердің қазасы туралы: "Реанимацияда жатқанда Ұлданаға бардым"

20 Қараша 2025, 15:30
737
Бөлісу:
 instagram.com/densaulyq_basqarmasy
VIDEO
Фото: instagram.com/densaulyq_basqarmasy

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанадағы апатта адамдарды құтқару кезінде жарақат алып, көз жұмған фельдшер Ұлдана Мирзуанның әрекетін жүректе қалатын оқиғаға бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің тарапымыздан да, мемлекет атынан да марапаттар болды. Бұл – біздің жүйе үшін, шынымен, күн сайын қызметкерлеріміз жасайтын ерлік. Бұл – жүректе қалатын оқиға. Әрқайсымыз, соның ішінде мен де, саланың басшысы ретінде, медициналық қызметкерлерді қорғауды жалғастыруымыз керектігін терең түсінеміз. Президенттің тапсырмасы бойынша бұл мәселе қазір Мәжілісте белсенді қаралып жатыр. Келесі жылдың соңына дейін осы бағыттағы заңнамалық өзгерістерді қабылдауды жоспарлап отырмыз. Бұл – медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік, олардың физикалық қауіпсіздігін арттыру мәселелері. Ішкі істер министрлігімен бірге үлкен жұмыс атқардық, қазір де жалғасып жатыр. Емханалардың қабылдау бөлімдері мен алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда қызметкерлердің қауіпсіздігін күшейту бойынша шаралар қабылдаудамыз. Бұл – жүйелі түрде қажет қадамдар, - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Айтуынша, апат болғаннан кейін ауруханаға барып, Ұлдананың халін білдім деп отыр.

Қайғылы оқиғадан кейін ертесіне мен ауруханаға Ұлдананың жағдайын білуге бардым. Анасы және жарының қасында болып, сөйлестік. Өкінішке қарай, қайғылы жағдайдан соң жерлеу рәсіміне қатыса алмадым. Бірақ өз өкілімді жібердім. Отбасына, бүкіл жүйеге және әріптестерімізге қайғырып көңіл айтамыз, - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, Астанада бірнеше адам ауыр жарақат алған оқыс оқиға болған еді. Тоғыз қабатты үйдің қасбетіндегі кірпіш пен кондиционер ілгіші опырылып, төменге құлаған. Салдарынан бес адам жарақат алып, олардың екеуі медицина қызметкері болған. Жарақат алған фельдшер ауыр жағдайда ауруханада жеткізілген болатын. 18 қарашада фельдшер алған жарақаттары салдарынан есін жимастан көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы