Министр елімізде жасалған тұрмыстық техниканы қайдан сатып алуға болатынын айтты

29 Қазан 2024, 12:38
464
Бөлісу:
Министр елімізде жасалған тұрмыстық техниканы қайдан сатып алуға болатынын айтты
Фото: pixabay.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде өндірілетін тұрмыстық техниканы пайдаланбайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист министрге "Өз мәлімдемеңізде отандық өндірушілер ас үй заттарын, шағын пештерді, кір жуғыш машиналарды және теледидар шығарады дедіңіз. Сіз осы айтылған тұрмыстық техникаларды қолданасыз ба? Қайдан сатып алуға болады?" деп сұрақ қойды.

Менің үйімде дәл сондай техника жоқ. Бірақ Dauscher өндірген техниканы, оның ішінде пешті туған-туысыма сыйлыққа алдым. Қазір заманауи техника бар ғой. Оның ішінде интернет арқылы жолдасым сатып алды. Сіз жас адам сияқтысыз. Оны интернет арқылы іздеуге болады. Мысалы, қазір өзіңіз қаласаңыз, Kaspi қосымшасы арқылы сатып алуға болады, - деді министр.

Шарлапаев мұндай сұрақтарға уақыт жоғалтпау керегін айтады.

Техника өндіріліп жатыр. Өзіңізге мәлім, зауыттарымызға журналистер барып келді. Мысалы, Алматы тұрмыстық техника зауыты бар. Кәсіпорын өнімнің көлемін арттырып жатыр. 700 мыңға жуық техника келесі жылы өндіріледі. Министр ретінде менің жұмысым - кәсіпорынға мүмкіндік жасау. Содан кейін оны қалай сатады? Қалай дамытады - бұл зауыттағы маркетинг департаментінің жұмысы. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 200 мыңға жуық техника өндірілген, - деді Қанат Бисембайұлы.

Айта кетейік, бұған дейін министр елімізде құрастырылатын көліктердің темірі неге Қытайдан алынатынына қатысты журналист сұрағына жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы