Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындағы су тасқыны жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Біздің болжам бойынша Есіл өзенінің деңгейі тағы да сәл қосылуы мүмкін. Өйткені Колутон және Жабай өзендері тағы да су қосуы мүмкін, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сондай-ақ министр батыстағы ахуалға тоқталды.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан өңірінде Ресейден Жайық өзені бойынша үлкен деңгейде су келгелі жатыр. Соған барлық дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұрын-соңды болмаған қауіп болды. Сондықтан қандай жағдай болмасын, біздің құтқарушылар, біздің әріптестеріміз ең бастысы адам өміріне қауіп төндірмеу үшін барлық күш-жігерін салып, эвакуациялады, - деді Шыңғыс Әрінов.