Цой эпидахуал күрделенген жағдайда қандай шара қабылданатынын айтты

11 Тамыз 2021, 09:36
6210
Бөлісу:
Цой эпидахуал күрделенген жағдайда қандай шара қабылданатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 

Оның айтуынша, Қазақстанда соңғы апта ішінде коронавирус инфекциясына шалдығу 10%-ға артқан.

Сондай-ақ 1 тамыздан бастап СOVID-19-дың таралу индексі 9%-ға төмендеген. Нұр-Сұлтан қаласында көрсеткіш 1-ден төмен болып отыр.

Эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда төсек-орын қоры тартылады. Қордың саны 7 419 инфекциялық төсек-орынды құрайды. Инфекциялық төсектер Атырау облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақтөбе облысы, Алматы қаласы мен Жамбыл облыстарында толық, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен қатар төсек-орындардың толуына күн сайын жүргізілетін мониторингке сәйкес, өңірлерде 11 тамыздағы жағдай бойынша 328 медициналық нысанда 55 658 төсек-орын ұйымдастырылған.

Республика бойынша төсек-орындардың толуы 54%-ды құрап отыр. Бұл 30 181 төсекке тең. Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек-орындар саны 4 969-ға тең. Олардың 45%-ы немесе 2 259-ы толы көрінеді.
Өзгелердің жаңалығы