Министр биыл ауылдық жерлерде қанша медициналық мекеме салынатынын айтты

10 Қаңтар 2023, 14:58
905
Бөлісу:
Министр биыл ауылдық жерлерде қанша медициналық мекеме салынатынын айтты

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният министрліктің қорытынды алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сонымен қатар министр «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бекітілгенін айтты.

Биыл ұлттық жоба аясында 309 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін. оның ішінде, 131 медициналық пункт, 99 фельдшерлік-акушериялық пункт, 79 дәрігерлік амбулатория салу жоспарда бар. «Алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсете алатын, сондай-ақ ірі қалаларға барудың қажеттілігінсіз, оның ішінде телемедицина және басқа да мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсете алатын 12 ауданаралық аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу және реконструкция жүргізу жұмыстары басталады, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, ұлттық жобада аудандық мекемелерді 575 заманауи медициналық жабдық бірлігімен жабдықтау көзделген және 307 медицина қызметкері, оның ішінде 54 жалпы практика дәрігері, 253 орта медицина қызметкері даярланады.

Осы іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2023 жылы мамандандырылған медициналық көмекпен қосымша 2,4 млн астам ауыл тұрғыны қамтамасыз етілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы